⌨ Пернетақтада (Клавиатура) батырмалардың қосып басқанда орындалатын жылдам командаларға қысқаша шолу.
Ctrl+C — Қандай болмасын файлдың көшірмесін алып сақтап тұрады(Копировать). Сіз қою командасын бергенде (Вставить) көшірмесін қояды.
Ctrl+V — Көшірмені қою (Вставить) Көшірмеге алған құжатты осы пернелерді басу арқылы көшірмесін қою.
Ctrl+Z — Болдырмау(Отменить). Қандай да бір әрекет жасағанда қате жіберіп қойсаңыз, қайта қалпына келтіру. Мысалы сіз Ворд мәтіндік редакторында байқамай қате жіберіп қойсаңыз Ctrl+Z басу арқылы қалпына келтіресіз.
Ctrl+Y — Бұл батырмалар керсінше әрекет жасайды. Алдыңғы амалға қарама-қарсы қызмет атқарады.
Ctrl+N — Жаңа құжат жасау.(Создать)
Ctrl+O — Ашу.(Открыть) Сіз бір бағдарламада жұмыс жасайсыз. Ctrl+O басу арқылы сіз бағдарлама ашатын құжатты іздеп, тез ашу үшін арналған.
Ctrl+P -Баспаға жіберу.(Печать)
Ctrl+T — Жаңа вкладка ашу. Мен браузерді қолданғанда міндетті түрде осы батырманың көмегіне жүгінемін. Ctrl+T басу арқылы қалаған сайттар тізімін бір ашық терезеде жинастырамын.
✅ Енді Windows батырмасы белгішесімен қоса басылып орындалатын командалардың тізбегін жаза кетейін. Ол батырма төмендегі суретте көрсетілген.
winkys
Win+E — Жол көрсетуші(Проводник). Немесе жылдам менің компьютеріме жылдам кіру үшін қолданылады.
Win+R — Орындау (Выполнить). Орындау мен комьютердің баптаулары немесе кей бағдарламаларды ашу үішн қолданамын. Мысалы: Win+R басып орындауды шақырып сонда Calc деп жазып Enter батырмасын шертсем Калькулятор ашылады. Notepad Блакнотты шақырады, WinWord Ворд мәтіндік редакторын ашады.
Win+D — Қандай терезе немесе қанша ашық тұрған бағдарлама болмасын барлығын жұмыс үстеліне жинап қояды. Орысша айтқанда Барлық бағдарламаларды Свернуть етіп қояды.
✅ Келесі кезек кейбір пернетақтадағы батырмалардың бірігіп орындайтын әрекеттері.
Ctrl+Shift+Esc — Диспетчер Задач-қа жылдам кіру үшін. Немесе ол әрекет Ctrl+Alt+Del. Меніңше бірінші жазған жол ең тиімдісі.
Alt+Tab -Жұмыс үстелінде ашып, жұмыс істеп отқан бағдарламалардың арасында тышқанның көмегінсіз жылдам қатынау үшін қолдансаңыздар болады. Windows 7 нұсқасында осы жағдайға қосымша Win+Tab басу арқылы тамаша етіп шығарылған, 3D түрінде ауысқанын көре аласыздар.