Аялдамада автобус күтіп, ұйықтап қалған жігітті көріп тұрсың ба? Сырт көзге күлкілі иә? Бірақ, ол кеше түнімен ұйықтаған жоқ. Себебі, өзіне қол жұмсамақ болған досын, таңға дейін телефон арқылы жұбатып отырған.. — Ал, бетіне тонналап бояу жаққан қызды көрдің бе? Ол өткен-кеткен қыздарға қарап, қызығып тұр. Себебі, кішкентай кезінде оның беті қайнаған суға күйіп қалған. Ол да басқа қыздар сияқты, бетіне бояу жақпай-ақ, сүйкімді көрінгісі келеді. Бірақ, олай өзін құбыжық секілді сезінеді... — Ал үнемі ұзын жеңді көйлек киетін жігітті танып тұрсың ба? Оның әкесі қатты ашуланған кезінде, жігіттің қолын пышақпен тіліп тастаған. Содан қалған тыртықты, осылай жасырып жүр... — Ал жыртық көйлек киген қызды көріп тұрсың ба? Оның отбасы өте кедей тұрады. 1 қара нанға ақша таба алмай жүрген жайы бар.. — Ал қолына газет ұстаған жігітті көріп тұрсың ба? Ол үнемі «2012-де болған Жаңаөзен оқиғасы» туралы ақпараттарды оқып жүреді. «Не үшін?» деймісің? Себебі, дәл сол қанды оқиғаның кесірінен, оның әке-шешесі қайтыс болған.. — Ал күліп тұрған қызды көріп тұрсың ба? Ол кез-келген әзілге осылай күледі. Бірақ, оның әр түні жылаумен өтетінін ешкім білмейді. Себебі, ол «Қатерлі ісік ауруына» шалдыққан. Қалған аз күнін, осылай, қуанышты көңіл-күйде өткізгісі келеді.. — Ал әлгі бойжеткенді көріп тұрсың ба? Сұлу ғой, иә? Сенесің бе, оның қолынан телефон түспегелі 4 жыл уақыт өтіпті. Әрине, сенің ойыңша, ол «Интернетке тәуелді адам» шығар. Бірақ, оның осыдан 4 жыл бұрын, үйден шығып, қайта оралмаған анасының қоңырауын, еш үміт үзбей күтіп жүргенін ешкім де білмейді... «10 күнәнің 9-ы — тілден» екенін ұмытпайық достар. Білмей жатып, адамның сыртынан сөз айтуды қояйық. Бұл — ғайбат, яғни ең ауыр күнә!

Теги других блогов: жігіт қыз аялдама