Тест: Қай фигура артық? Бұл сұрақтың жауабын 90 пайыз адам дұрыс таба алмайды екен. Жауабын ашпай тұрып, мұқият ойланыңыз! Логикаңызды іске қосып, мына бес кескіннің ішінен артық тұрғанын таңдаңыз! Таңдап болсаңыз, пікір жазу алаңына өз жауабыңызды қалдырыңыз. Қай фигураны таңдадыңыз? Нөмірмен жаза беріңіз. Сосын барып дұрыс жауабын оқыңыз.  Дұрыс жауабы:  Алдымен сіз осы бес кескіннің ішінен өзгешесін іздейсіз.  - Иә, екінші тұрған жұлдыздың сырты қапталмаған.  - Үшінші тұрған жалғыз дөңгелек бірден көзіңізге түседі.  - Төртіншісінің ерекшелігі - басқалары сары болса, бұның түсі - жасыл.  - Бесіншісі бәрінен кішкентай. Жұмбақтың логикасы сонда, бірінші тұрған жұлдыз басқаларынан көп ерекшеленбейді. Екінші жұлдыздың түсіндей сары, үшінші тұрған дөңгелектің сырты сияқты қапталған, төртінші жұлдыз сияқты бұл да жұлдыз пішінді, бесінші фигурадан сәл үлкен. Міне, басты айырмашылығы - осында. Жұмбақтың жауабы - бірінші жұлдыз бұл жерде артық фигура болып есептеледі.   Сұрақтың жауабын дұрыс тапқан оқырманымызды құттықтаймыз. Сіз - данышпансыз!

Теги других блогов: тест логика жұмбақ